
Аким
Аман Бауыржан Толыкболович
Аким сельского округа
Өмірбаян
Аман Бауыржан Толықболұлы 1980 жылы Қазалы ауданында туған. Білімі жоғары, Алматы қаласындағы Қазақ ұлттық аграрлық университетін "ветеринарлық санитарлық дәрігер" мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2004 жылы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Қазалы аумақтық ветеринария басқармасының ветеринариялық инспекторы болып бастаған. Осы жылдар ішінде Қазалы аудандық аумақтық ветеринариялық инспекциясында жетекші маман, кейін бас маман қызметін атқарды. 2015 жылдан бастап «Қазалы аудандық ветеринариялық станциясы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Бірлік ауылдық округі бойынша ветеринарлық пунктінің меңгерушісі қызметін атқарды.