Мусаханова Гульбахыт Калымбековна

    Бөлім басшысы

    Өмірбаян

    Мен, Мусаханова Гульбахыт Калымбековна, 1970 жылы 27 желтоқсанда Шығыс Қазақстан облысы Марқакөл ауданы Қалжыр ауылында дүниеге келдім.

    Мен 1978 жылы Қалжыр орта мектебінің 1 сыныбына барып, оны 1988 жылы күміс медальмен тәмамдадым. 1989-1994 жылдары С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің «физика және математика» факультетінде оқып, мамандық алып шықтым. Сол жылы Марқакөл ауданы Қарашілік негізгі орта мектебіне мұғалім болып жұмысқа тұрдым. Келесі оқу жылында өз ауылымдағы Қалжыр орта мектебіне ауысып, осы мектепте 2009 жылға дейін еңбек еттім. 2006 жылы С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін

    «шетел тілдері: екі шетел тілі» мамандығы бойынша аяқтадым. Мектепте ағылшын тілі пәні мұғалімі, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқардым. 2009 жылы отбасы жағдайымен Өскемен қаласына қоынс аударып, С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінде 2 жыл ЖОО дейінгі орталығының «шетел азаматтары, репатрианттарға арналған дайындық» бөлімінде әдіскер болдым. Кейіннен мектепке қайта оралып, директордың тәрбие ісі, оқу ісі бойынша орынбасары қызметтерінде болдым. 2014-2018 жылдары «Дарынды балаларға арналған «Шығыс» мамандандырылған дамыта оқыту мектебі-зерттеу орталығы»КММ-де шетел тілдері жөніндегі директордың орынбасары және математиканы ағылшын тілінде оқытатын мұғалім болып қызмет еттім. 2018 жылы Көкпекті ауданының білім бөліміне қарасты «Казнаковка орта мектебі»КММ- нің директорылығына ауысып, 2021 жылға дейін істедім. Өскемен қаласына қоныс аударып, 2022 жылы Глубокое ауданы бойынша білім бөлімінің «Степное негізгі мектеп-балабақша кешені»КММ-сінде еңбек жолымды жалғастырдым. 2025 жылдың 22 мамырынан бастап Марқакөл ауданы бойынша білім бөлімінің басшысымын.