Тайжанова Алтын Ермековна
Басшының орынбасары
Өмірбаян
1988 жылы 11 қыркүйекте Ұлытау облысы, Жезқазған қаласында дүниеге келген.
Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы академиясын (2023 ж.), «Есіл» университетін (2021 ж.), сондай-ақ Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясын (2010 ж.) тәмамдаған.
Еңбек жолын Алматы қаласы бойынша жобалар координаторы ретінде ОЮЛ «Қазақстан жастар конгресі» ұйымында бастаған, кейін Алматы қаласының Жастар саясатын дамыту мемлекеттік қорының ұйымдастыру бөлімінің жетекші маманы, сол қордың ұйымдастыру бөлімінің бас маманы, демалыс және спорт бөлімінің бас маманы, ұйымдастыру бөлімінің басшысы қызметтерін атқарған.
Одан әрі мемлекеттік құрылымдарда еңбек жолын жалғастырып, Астана қаласының «Жастар саясаты мәселелері басқармасы» ММ инспекторы, Алматы қаласының Жастар саясатын дамыту мемлекеттік қорының ұйымдастыру бөлімінің басшысы, Астана қаласының «Жастар саясаты мәселелері басқармасы» ММ мектеп және студенттік жастармен жұмыс бөлімінің бас маманы (уақытша міндетін атқарушы), мектеп және студенттік жастармен жұмыс бөлімінің бас маманы, жастармен жұмыс және жұмыспен қамту мәселелері бөлімінің бас маманы, Астана қаласының «Қоғамдық даму істері басқармасы» ММ жастармен жұмыс бөлімінің бас маманы қызметтерін атқарған.
Кейіннен Нұр-Сұлтан қаласының «Қоғамдық даму істері басқармасы» ММ ақпараттық саясат бөлімінің басшысы, Нұр-Сұлтан қаласының «Ішкі саясат басқармасы» ММ ақпараттық саясат бөлімінің басшысы, Астана қаласының «Ішкі саясат басқармасы» ММ ақпараттық саясат бөлімінің басшысы лауазымдарында жұмыс істеген.
2026 жылғы 14 мамырдан бастап қазіргі уақытқа дейін Астана қаласының «Ішкі саясат басқармасы» ММ басшысының орынбасары қызметін атқарады.
