
Салиев Жандос Айтбайұлы
Маңғыстау облысы Бейнеу ауданы әкімінің орынбасары
Өмірбаян
Салиев Жандос Айтбайұлы 1991 жылы 26 наурызда Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Бейнеу ауылында дүниеге келген. Білімі - жоғары, 2012 жылы Қазақстан-Британ техникалық университетін «Мұнай және газ инженері» мамандығы бойынша және 2017 жылы Қазақстан инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.
01.06.2012 – 01.12.2012 – менеджер, "Компания БИК" ЖШС, Бейнеу ауылы;
01.12.2012 – 01.11.2014 – директор, "Маңғыстау Орда Құрылыс" ЖШС, Ақтау қаласы;
20.11.2015 – 18.02.2016 – "Бейнеу селосы әкімінің аппараты" ММ-нің коммуналдық жұмыстар бөлімі жетекші маманының міндетін уақытша атқарушы, Бейнеу ауылы;
18.02.2016 – 04.01.2017 – "Бейнеу ауылы әкімінің аппараты" ММ-нің коммуналдық жұмыстар бөлімінің жетекші маманы, Бейнеу ауылы;
04.01.2017 – 24.05.2017 – "Бейнеу ауылы әкімінің аппараты" ММ-нің құжаттар бөлімінің бас маманы, Бейнеу ауылы;
24.05.2017 – 30.10.2020 – "Бейнеу аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі" ММ-нің бас маманы, Бейнеу ауылы;
02.11.2020 – 21.01.2021 – Ақжігіт ауылы әкімінің міндетін атқарушы, "Ақжігіт ауылы әкімінің аппараты" ММ, Ақжігіт ауылы;
21.01.2021 – 12.09.2022 – Ақжігіт ауылының әкімі, "Ақжігіт ауылы әкімінің аппараты" ММ, Ақжігіт ауылы;
19.09.2022 – 02.11.2022 – "Бейнеу аудандық ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі" ММ басшысының міндетін атқарушы, Бейнеу ауылы;
02.11.2022 – 12.12.2023 – "Бейнеу аудандық ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі" ММ басшысы, Бейнеу ауылы;
12.12.2023 – 07.10.2024 – Маңғыстау облысы әкімі аппаратының "Хаттамалық тапсырмалардың орындалуын бақылау және талдау бөлімі" басшысы, Ақтау қаласы;
18.11.2024 – 18.05.2026 – "Бейнеу аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" ММ басшысы, Бейнеу ауылы;
18.11.2024 бастап қазіргі күнге дейін – Бейнеу ауданы әкімінің орынбасары, Бейнеу ауылы.



