
Аманбаев Ерлан Мауленович
Басшы
Өмірбаян
Білімі жоғары. 1992 жылы Қарағанды педагогикалық институтын сызу, сурет салу және еңбекке баулу мұғалімі біліктілігі бойынша бітірген. 2014 жылы сырттай, Орталық Қазақстан академиясын жергілікті мемлекеттік басқару біліктілігі бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1992 жылы Қарқаралы қаласының №2 орта мектебінде мұғалім болып бастады. 1995 жылы Қарқаралы қаласының №2 орта мектебі директорының орынбасары болып тағайындалды. 2002-2004 жылдары Осакаров ауданы, Молодежный кенті №23 орта мектебінің директоры болып жұмыс істеді. 2007 жылдан 2014 жылға дейін Қарқаралы қаласының Балалар мен жасөспірімдер орталығының директоры болып жұмыс істеді. 2014 жылы мемлекеттік қызметке түсіп, Қарқаралы қаласы әкімінің орынбасары лауазымына тағайындалды. 2022 жылдың наурыз айынан бастап Қарқаралы ауданының тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы лауазымына тағайындалды.