
Бектеміров Бекмұхамбет Арманұлы
Астана ауданы әкімінің орынбасары
Өмірбаян
Бектеміров Бекмұхамбет Арманұлы 1992 жылы 5 шілдеде Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданы Қарабұтақ ауылында дүниеге келді. Білімім жоғары, 2014 жылы Қазақ гуманитарлық-заң университеті есеп және аудит, 2016 жылы Батыс-Қазақстан инженерлік-технологиялық институтын мұнай-газ ісі бойынша аяқтады. Ұлтым қазақ
07.2015-01.2016 ж.ж.-Орал қаласы Құрылыс басқармасының өндірістік-техникалық бөлімде жастар практикасы
04.2016-07.2016 ж.ж.-Атырау облысы Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының Бюджеттік саясат бөлімінің бас маманы
08.2016-07.2017 ж.ж.- Атырау облысы Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының өңірлік даму бөлімінің бас маманы
07.2017-08.2019 ж.ж.-Атырау облысы Мемлекеттік сатып алу басқармасының инфрақұрылымды дамыту бөлімінің бас маманы
07.2019–05.2020 ж.ж.-Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының мемлекеттік сатып алу және лицензиялау бөлімінің басшысы
06.2020 – 09.2021 ж.ж.- Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Жер қойнауын пайдалану департаментінің жер қойнауын пайдалануды дамыту басқармасының бас сарапшысы
11.2021 – 11.2021 ж.ж.-Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің көмекшісі
11.2021 – 03.2022 ж.ж.-Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің көмекшісі
03.2022 – 03.2023 ж.ж.-Маңғыстау облысы Қаржы басқармасының мемлекеттік сатып алуда жергілікті қамтуды мониторингтеу бөлімінің басшысы
03.2023 – 07.2023 ж.ж.- Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік бақылау және ұйымдастырушылық-аумақтық жұмыс бөлімінің сарапшысы
07.2023 – 09.2023 ж.ж.-Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік бақылау және ұйымдастырушылық-аумақтық жұмыс бөлімінің сарапшысы
09.2023 – 12.2025 ж.ж.-Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік бақылау бөлімінің консультанті
2026 ж. – 04.2026 ж.ж.- «SAMRUK BUSINESS ACADEMY» жеке меншік мекемесінің IR-маманы



