
Өмірбаян
1989 жылы туған. М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін «халықаралық қатынастар» мамандығы бойынша бітірген. Сондай-ақ жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімді ҚХР-дың Бейжің қаласында алған.
2014 жылдан 2018 жылға дейін жеке секторда жұмыс істеді. Кейін мемлекеттік қызмет саласындағы еңбек жолын жалғастырды.
ҚР Ұлттық экономика министрлігі Салық және кеден саясаты департаменті Жер қойнауын пайдалану келісімшарттарын сараптау басқармасының бас сарапшысы, Жобалауды басқару департаменті Жобалауды басқару жөніндегі мемлекеттік органдарды үйлестіру басқармасының бас сарапшысы, басқарма басшысы, Жобалық басқару саясаты департаменті Мемлекеттік органдарды жобалық басқару бойынша үйлестіру және қолдап отыру басқармасының басшысы, Ұлттық экономика министрлігі Ішкі әкімшілендіру департаменті директорының орынбасары, Маңғыстау облысының туризм басқармасының басшысы болды.
2026 жылдың мамыр айынан Жетісу облысы әкімінің өкімімен Жетісу облысының туризм басқармасының басшысы болып тағайындалды.

