Манеев Жандос Оралбекулы

    Шеңгелді ауылдық округінің әкімі

    Манеев Жандос Оралбекулы
    Әкім

    Манеев Жандос Оралбекулы

    Шеңгелді ауылдық округінің әкімі

    Өмірбаян

    Манеев Жандос Оралбекулы 1992 жылғы 24 сәуірде туылған. Қазақстан Республикасының азаматы, ұлты – қазақ.

    Экономика және бизнес, құқықтану және құрылыс салалары бойынша жоғары білім алған. «Т. Рысқұлов атындағы Жаңа экономикалық университет» АҚ-ны тәмамдаған. Сонымен қатар, «Құқықтану» және «Құрылыс» мамандықтары бойынша жоғары білімге ие.

    Еңбек жолын 2012 жылы бастаған. Еңбек өтілі барысында жеке және квазимемлекеттік секторларда түрлі басшылық лауазымдарды атқарды. Басқару, инфрақұрылымды дамыту, телекоммуникация және коммуналдық шаруашылық салаларында мол тәжірибесі бар.

    2012–2015 жылдары «АЛАТРАК» ЖШС-де логист, бөлім басшысы және директордың орынбасары қызметтерін атқарды.

    2015–2018 жылдары «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ-да энергетика саласында маман және бас маман болып жұмыс істеді.

    2018–2020 жылдары «AKS Service» ЖШС-нің коммерциялық директоры қызметін атқарды.

    2020–2021 жылдары «Facility Management Group» ЖШС-де бөлім басшысы және директордың орынбасары лауазымдарында еңбек етті.

    2021–2023 жылдары «Қазақтелеком» АҚ-да желілік инфрақұрылымды дамыту бағыты бойынша жобалық менеджер және бас бизнес-аналитик қызметтін атқарды.

    2023–2024 жылдары «Алматы облысының индустриялық аймақтарын басқарушы компаниясы» ЖШС-де Алматы облысы индустриялық аймақтарының инфрақұрылымын дамыту қызметінің басшысы болды.

    2024 жылғы мамыр айынан бастап «Қонаев тұрғын үй» ЖШС-нің директоры қызметін атқарып, қала аумағын абаттандыру, жолдарды күтіп ұстау, көше жарығын қамтамасыз ету, коммуналдық шаруашылық және тұрғындарға қолайлы қалалық орта қалыптастыру мәселелеріне жетекшілік етті.

    2026 жылғы сәуір айынан бастап Шеңгелді ауылдық округі әкімінің орынбасары қызметін атқарды.

    2026 жылғы маусым айынан бастап Шеңгелді ауылдық округінің әкімі қызметін атқарып келеді. Оның негізгі міндеттеріне елді мекендерді дамыту, тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыру, ауылдық инфрақұрылымды жаңғырту және халықпен тиімді өзара іс-қимылды қамтамасыз ету кіреді.

    Марапаттары: - Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің 2025 жылғы 9 желтоқсандағы №191 бұйрығымен «Құрметті энергетик» төсбелгісімен марапатталған.

    - Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің 2026 жылғы 23 шілдедегі №424 бұйрығымен «Азаматтық қорғау жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін» төсбелгісімен марапатталған.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері