
Битанов Кеңшілік Қасенғалиұлы
Хромтау қаласының әкімі
Өмірбаян
Битанов Кеңшілік Қасенғалиұлы 1991 жылғы 2 сәуірде Ақтөбе облысы Хромтау қаласында дүниеге келген. Ұлты - қазақ. Білімі - жоғары. Қазақ-Орыс Халықаралық университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолын 2010 жылы Ақтөбе облысы Хромтау қаласында Халыққа қызмет көрсету орталығында бастаған.2010–2021 жылдар аралығында Халыққа қызмет көрсету орталығы мен «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы жүйесінде түрлі лауазымдарда қызмет атқарды. Аталған кезеңде инспектор, бөлім басшысының орынбасары және бөлім басшысы қызметтерін атқарған.
2021–2022 жылдары – "Хромтау ауданы әкімінің аппараты" ММ ұйымдастыру-құқықтық бөлімшесінің бас маманы;
2022–2024 жылдары – Хромтау ауданы әкімінің аппаратының бас инспекторы;
2024–2025 жылдары – Ақтөбе облысы Хромтау ауданы Хромтау қаласы әкімінің орынбасары;
2026 жылдың қаңтар айынан бастап қазіргі уақытқа дейін -Хромтау қаласының әкімі.
Жалпы еңбек өтілі – 13 жылдан астам, мемлекеттік қызмет өтілі – 4 жылдан асады.

