
Өмірбаян
Мәди Жақсылықұлы Шуиншалин 1975 жылы 25 наурызда Ақтөбе облысы, Темір ауданы, Тасқопа ауылында дүниеге келген. 1992 жылы 25 мамырда Теректі орта мектебін бітірген. 1995 жылдан 2000 жылға дейін Ақтөбе мемлекеттік университетін бітірген. Үйленген, төрт баланың әкесі.
1992 жылдың 1 қыркүйегі – 2007 жылдың 1 желтоқсаны: Теректі орта мектебінде мұғалім.
2007 жылдың 1 желтоқсаны – 2008 жылдың 4 қыркүйегі: Темір аудандық білім беру бөлімінің әдіскері.
2008 жылдың 4 қыркүйегі – 2009 жылдың 24 қазаны: Темір аудандық әдістемелік орталығының әдіскері.
2009 жылдың 24 қазаны – 2013 жылдың 12 ақпаны: Абай орта мектебінің директоры.
2013 жылдың 12 ақпаны – 2017 жылдың 14 тамызы: Алтықарасу ауылдық округінің әкімі.
2017 жылдың 15 тамызы – 2021 жылдың 21 ақпаны: Темір аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы.
2021 жылдың 22 ақпаны – 2021 жылдың 25 шілдесі, Темір аудандық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы.
2021 жылдың 26 шілдесі – 2025 жылдың 12 шілдесі, Саркөл ауылдық округінің әкімі.
2025 жылдың 14 шілдесінен бастап Саркөл ауылдық округінің әкімі.