
Ипатов Вячеслав Васильевич
Павлодар облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары
Өмірбаян
2001 жылы Қазақстан Республикасы ІІМ Павлодар заң колледжін, 2005 жылы Қазақ құқықтану және халықаралық қатынастар институтын, 2023 жылы Қазтұтынуодағы Қарағанды университетін «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандығы бойынша тәмамдаған. Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы құқықтану бакалавры.
2001 жылдан бастап – Павлодар облысы Успен ауданы полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторы.
2004 жылдан бастап – Павлодар облысы ІІД арнайы мекемелер және айдауылдау бөлімшесінің уақытша ұстау изоляторы (УҰИ) мен айдауылдау қызметінің жедел уәкілі.
2007 жылдан бастап – Павлодар облысы ІІД Жедел басқару орталығының техникалық қамтамасыз ету бөліміндегі автоматтандырылған басқару жүйелері тобының инженері.
2017 жылдан бастап – Павлодар облысы ІІД Техникалық қызмет басқармасының байланыс бөлімінің бас маманы.
2018 жылдан бастап – Павлодар облысы ІІД Техникалық қызмет басқармасы бастығының орынбасары.
2020 жылдан бастап – Павлодар облысы ПД Ақпараттандыру және байланыс басқармасының бастығы.
2024 жылғы шілдеден бастап қазіргі уақытқа дейін – Павлодар облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары.