
Иманжұпар Джахангир Қасенұлы
Басқарма басшысының орынбасары
Өмірбаян
02.08.2018 – 02.10.2018 жж. – Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Стратегиялық жоспарлау департаменті үйлестіру және талдамалық жұмыс басқармасының сарапшысы міндетін атқарушы, Астана қ.
03.10.2018 – 13.05.2019 жж. – Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Стратегиялық жоспарлау департаменті үйлестіру және талдамалық жұмыс басқармасының сарапшысы, Астана қ.
- Үкімет отырыстарына материалдар дайындаумен айналысты;
- Әділет министрлігінің қызметі бойынша есептік ақпаратты жинақтау және дайындау;
- Министрлік басшылығының кіріс және шығыс хат-хабарларын қарау және өңдеу.
14.05.2019 – 08.10.2024 жж. – Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты депутатының көмекшісі, Астана қ.
- Конституциялық заңнама, сот жүйесі, құқық қорғау органдары, аграрлық сала және ауыл шаруашылығы бағыттары бойынша материалдар мен сөз сөйлеу жобаларын дайындау;
- Мәселелік сұрақтарды талдау және депутаттық сауалдарға материалдар әзірлеу;
- Мемлекеттік органдармен хат алмасу;
- Комитеттердің іс-шараларын ұйымдастыру және материалдар дайындау, аграрлық ғылымды дамыту тақырыбындағы парламенттік тыңдауларды ұйымдастыру, БҚО-да көшпелі отырыс дайындау;
- Адвокатура, нотариат, жеке сот орындаушылары, сот жүйесін реформалау және басқа да мәселелер бойынша заң жобаларымен жұмыс жүргізу.
08.10.2024 – 23.09.2025 жж. – Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Аппараты Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің қызметін қамтамасыз ету бөлімінің бас консультанты, Астана қ.
- Заң жобаларын сүйемелдеу: Қатар мемлекетімен қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек және ұстап беру туралы келісімді ратификациялау;
- Әкімшілік әділетті жетілдіру мәселелері бойынша заң жобасы;
- Кәсіби адалдыққа тестілеу мәселелері бойынша;
- Салыстырмалы кестелер дайындау, жұмыс топтарының отырыстары аясында әзірлеушілермен жұмыс жүргізу;
- Мемлекеттік қызметті жетілдіру мәселелері бойынша комитеттің көшпелі отырысын ұйымдастыру;
- Заң жобалары бойынша анықтамалар дайындау.
08.12.2025 ж. – қазіргі уақытқа дейін – «Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығы» АҚ бас менеджері.


