
Өмірбаян
Ідрісов Тимур Ғазизұлы 1965 жылы 26 қыркүйекте туылған, қазақ, білімі жоғары, 1987 жылы инженер-механик мамандығы бойынша В.И.Ленин атындағы Қазақ Политехникалық Институтын бітірген.
Еңбек жолын 1988 жылы Облтұрмбасқармасында бақылау механигі, 1992жылы ЖҚ, ТҚ және еңбекті қорғау инженері қызметіне ауыстырылды. 1995жылы Облыстық еңбек қорғау басқармасының еңбек қауіпсіздігінің мемлекеттік инспекторы болып қабылданды. 1997 жылы Облыстық еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Басқармасына ауыстырлыды, 1999жылы мемлекеттік еңбек инспекциясының бөлім бастығының орынбасары болып тағайындалды. 2000 жылдың наурыз айында бөлім бастығы болып ауыстырылды. 2001жылдың ақпан айында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрлігінің Маңғыстау облысы бойынша Департаментінің бөлім бастығы болып ауыстырылды.
2001 жылдың наурыз айынан бастап 2016 жылдың шілдесі аралығында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрлігінің Маңғыстау облысы бойынша Бақылау және әлеуметтік қорғау Департаментінің директоры қызметін атқарды.
2020 жылдың 03шілдесінен бастап қазіргі таңға дейін Еңбек,әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті басшысы.
