Дюсембаев Дархан Бердібекұлы

    Ішкі саясат бөлімінің басшысы

    Дюсембаев Дархан Бердібекұлы
    Руководитель отдела

    Дюсембаев Дархан Бердібекұлы

    Ішкі саясат бөлімінің басшысы

    Өмірбаян

    Дюсембаев Дархан Бердібекұлы 1988 жылы 29 қарашада Абай облысы Көкпекті ауданы Егінбұлақ ауылында дүниеге келген.

    2008 жылы М.Әуезов атындағы Семей педагогикалық колледжін, 2012 жылы Семей мемлекеттік педагогикалық институтын, 2019 жылы Қазақ гуманитарлық-заң инновациялық университетін бітірген.

    Еңбек жолын 2008 жылы Көкпекті ауданы Ұзынбұлақ орта мектебінің мұғалімі болып бастаған.

    2010-2011 жылдары Көкпекті ауданы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінде тілдер инспекторы болып жұмыс істеді.
    2011-2012 жылдары «Жұлдыз» – «Новая жизнь» аудандық газетінде корреспондент қызметін атқарды.

    2013-2014 жылдары осы газетте директор-редактордың орынбасары болып еңбек етті.
    2014-2015 жылдары «Көкпекті ауданының Жастар орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры қызметін атқарды.

    2015-2024 жылдары «Жұлдыз» – «Новая жизнь» аудандық газеті жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директор-бас редакторы болып қызмет атқарды.

    2024 жылғы 24 қыркүйектен бастап Көкпекті ауданы әкімі аппаратының басшысы қызметін атқарды.
    2026 жылдың наурыз айынан бастап Семей қаласының ішкі саясат бөлімінің басшысы қызметіне тағайындалды.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері