
Өмірбаян
Мұхтар Т.Қ. 1983 жылы 9 ақпанда Қарағанды облысында дүниеге келген .
2004 жылы Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін бітірген.
Еңбек жолын Қарағанды қаласы демалыс және мәдениет саябақтары басқармасының аудармашысы (2004-2005)бастады;
"Валют-Транзит Life" ӨСАБ жоспарлау, талдау және статистика бөлімінің жетекші маманы, Қарағанды қаласы (2005-2006);
"Нұр Отан" ХДП Қарағанды облыстық филиалы, облыстық партия филиалының ғимаратын басқарушы, Қарағанды қаласы (2006-2011);
"Нұр Отан" ХДП Қарағанды облыстық филиалы, қоғамдық-саяси жұмыс консультанты, Қарағанды қаласы(2011-2012);
Қарағанды облыстық мәслихатының баспасөз хатшысы, Қарағанды қаласы (2012);
Қарағанды облысының жастар саясаты мәселелері басқармасының балалар-жастар үкіметтік емес ұйымдарымен жұмыс бөлімінің бас маманы;
"Қарағанды облысы Дін істері басқармасының Қарағанды облысының конфессияаралық қатынастар проблемаларын талдау және зерттеу орталығы" КММ директоры (2014-2018);
Қарағанды облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының еңбек нарығын мониторингілеу және талдау бөлімінің басшысы (2018-2019);
Қарағанды облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары (2019-01.2025);
Қарағанды облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы ( 01.2025 бастап).
2026 жылғы наурыздан бастап Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Халықты жұмыспен қамту департаментінің директоры лауазымына тағайындалды.




