
Жалелов Абылай Армияұлы
Білім бөлімінің басшысы
Өмірбаян
Жалелов Абылай Армияұлы 1978 жылы Қарағанды облысы Қарқаралы ауданында дүниеге келген.
Білімі жоғары, 1999 жылы Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік Университетінің бейнелеу өнері және сызу пәндерінің мұғалімі мамандығын, 2008 жылы Д.А.Қонаев атындағы Университетінің «Құқықтану» мамандығын аяқтаған.
Еңбек жолын 2001 жылы Қарағанды қаласы №6 орта мектепте сызу пәнінің мұғалімі болып бастаған. Осы аталған мектепте 2005-2012 жылдар аралығында директордың тәрбие жұмысы, оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары қызметтерін атқарған.
2012-2013 жылдар аралығында Қарағанды қаласы №56 жалпы білім беретін мектебінің директоры, 2013-2018 жылдары Ә.Бөкейхан атындағы №76 мектебінің директоры, 2018-2023 жылдары М.Жұмабаев атындағы гимназияда директор болып қызмет атқарған.
2023-2025 жылдары Қарқаралы ауданы білім бөлімінің басшысы қызметінде болған. 2026 жылдың 04 қаңтар айынан Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығында басшының орынбасары, 2026 жылдың 05 ақпанынан Бұқар жырау ауданы білім бөлімінің басшысы.