
Бекмағанбетов Мәди Бауыржанұлы
Қызылорда облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы
Өмірбаян
Бекмағанбетов Мәди Бауыржанұлы 1993 жылы Қызылорда облысында туған.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетін «Экономика» мамандығы бойынша бітірген. Педагогика ғылымдарының магистрі.
Еңбек жолын білім беру ұйымдарында бастаған. Әр жылдары облыстық ішкі саясат басқармасында маман;
2018-2020 жылдар аралығында Қызылорда облысы білім басқармасының бөлім басшысы;
2020-2023 жылдар аралығында Қызылорда облысы әкімі аппаратында ұйымдастыру-инспекторлық жұмыс және аймақтық даму бөлімінің бас инспекторы, бөлім басшысы;
2023-2026 жылдар аралығында Қызылорда облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары қызметін атқарып келді.
2026 жылдың 4 наурызынан бастап Қызылорда облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы қызметін атқарады.