Жунусова Гүлбақыт Серікжановна
Төрағаның орныбасары
Өмірбаян
Жунусова Гүлбақыт Серікжановна
1977 жылғы 22 шілдеде Қарағанды облысы Қарқаралы ауданында дүниеге келген.
Жоғары ғылыми-педагогикалық білімі бар. Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін «Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі» мамандығы бойынша бітірген, педагогика ғылымдарының магистрі.
Еңбек жолын 1998 жылы Қарағанды облысы Қарқаралы ауданындағы №44 мектепте мұғалім болып бастады.
2004–2009 жылдары Қарағанды қаласындағы «Қарағанды гуманитарлық колледжі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнында педагогика пәнінің оқытушысы қызметін атқарды.
2009–2010 жылдары Қарағанды қаласының №30 кәсіптік лицейінде әдіскер болып жұмыс істеді.
2010–2014 жылдары Қарағанды облысы білім басқармасының техникалық және кәсіптік білім беру бөлімінде бас маман қызметін атқарды.
2014–2020 жылдары Қарағанды облысы білім басқармасының техникалық және кәсіптік білім беру бөлімінің басшысы болды.
2020 жылы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің техникалық және кәсіптік білім департаментінде бас сарапшы, басқарма басшысы қызметтерін атқарды.
2020–2022 жылдары Қарағанды облысы білім басқармасы басшысының орынбасары қызметін атқарды.
2022–2024 жылдары Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің Астана қаласының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы болды.
2024 жылғы қаңтардан 2025 жылғы тамызға дейін - Қарағанды облысының білім басқармасының басшысы.
2025 жылғы қазаннан бастап қазіргі уақытқа дейін - Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Орта білім беру комитеті төрағасының орынбасары.

