
Дүйсенова Ботакөз Балапайқызы
Ақмола облысының балалардың құқықтарын қорғау басқармасының басшысы
Өмірбаян
Дүйсенова Ботакөз Балапайқызы, 1971 жылы 22 қаңтарда Зеренді ауданы, Ақан ауылында дүниеге келген.
1994-1998 жылдары Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік педагогикалық институты филология факультетінің «Қазақ тілі пәнінің оқытушысы» мамандығы бойынша білім алған.
2023-2025 жылдары А.Мырзахметов атындағы «Көкшетау» университетін тәмамдап, «Педагогика ғылымдарының магистрі» дәрежесі берілді.
Еңбек жолын 1988 жылы қазіргі Ақмола облысы, Зеренді ауданы, Ақан ауылының орта мектебінде мұғалім қызметінен бастады.
1994-1999 жылы Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік педагогикалық институтында филология бөлімінің қазақ тілі пәнінің оқытушысы.
1999-2025 Ақмола облысы білім басқармасында жетекші маман, бас маман, бөлім басшысы, басшының орынбасары қызметтерін атқарды.
2025 жылғы қарашадан бастап Ақмола облысының балалардың құқықтарын қорғау басқармасының басшысы.
«Білім беру саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталған.