
Мамытханов Дархан Толегенович
депутат
Өмірбаян
1984 жылы 20 желтоқсанда Семей облысы Мақаншы ауданы Мақаншы ауылында дүниеге келген.
2001 жылы Семей көпсалалы колледжіне «Дене шынықтыру» мамандығы бойынша оқуға түсіп, 2004 жылы үздік бітірді.
2004 жылдан 2007 жылға дейін Семей қаласындағы М.Әуезова атындағы университетте «Дене шынықтыру және спорт» мамандығы бойынша білім алды.
2005-2006 жылдары Найманбай атындағы орта мектепте дене шынықтыру пәнінің мұғалімі болып жұмыс істеді.
2006 жылы осы мектепте «тәлімгер» лауазымына ауысты.
2008 жылдың қараша айында Үржар аудандық әскери комиссариаты әскер қатарына шақырылып, Қарағанды қаласының «6505 әскери бөлімінде» қызмет атқарды. Әскери атағы – «ефрейтор».
2012-2017 жылдары Үржар ауданы Найманбай атындағы орта мектебінде әлеуметтік педагог болып жұмыс істеді, 2017-2022 жылдары Үржар ауданы Найманбай атындағы орта мектебінде директордың оқу жөніндегі орынбасары болды.
2022-2023 жылдары Үржар ауданы Найманбай атындағы орта мектеп директорының м.а.
2024 жылдан Үржар ауданы Найманбай атындағы орта мектепте дене шынықтыру пәнінің мұғалімі.
2025 жылдан бастап Мақаншы ауданының білім бөлімінің әдіскері. Үйленген, 5 баласы бар.



