
Өмірбаян
05.09.1979 жылы Солтүстік Қазақстан облысы Сергеев ауданы Новопокровка ауылында дүниеге келген.
1997 жылы Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде әскери қызмет атқарды.
2002-2008 жылдары Петропавл қаласындағы Қорған университетінің филиалында білім алды.
Еңбек жолы:
1997-2007 жылдары Астана қаласындағы әскери бөлімде келісімшарт бойынша радио торабының бастығы болып жұмыс істеді.
2007-2021 жылдары Нұрсұлтан қаласындағы Үкімет үйінің орталық диспетчерлік қызметінде диспетчер болып жұмыс істеді.
2021 жылдың қазан айынан бастап 17.02.2026 жылға дейін "Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы әкімінің аппараты" КММ төтенше жағдайлар, азаматтық қорғау және жұмылдыру дайындығы, аумақтық қорғаныс бойынша аудан әкімінің көмекшісі болып жұмыс істеді.
17.02.2026 жылы Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы Афанасьевка ауылдық округі әкімінің міндеттеріне кірісті.

