Токтасинов Медет Аскарович

    аким села

    Өмірбаян

    Токтасинов Медет Аскарович Туркменистан Республикасы, Лебап облысы, Десінау ауданында 26.03.1993 жылы туылдым. 2000-2011 жылдар аралығында Ақтау қаласындағы №23 орта мектепті аяқтадым. 2011-2015 жылдар аралығында Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университетін Геодезист мамандығымен аяқтадым. 2015 жылы Батыс Қазақстан облысы, Орал қалалық РГКП ВТШ МЮРК әскери-оқыту дайындығынан өтіп резервке тіркелдім, мамандық атқыш.

    22.01.2016 жылы «МкДСМ АҚ-на геодезист көмекшісі болып жұмысқа тұрдым. Осы ұйымнан 05.03.2018 жылы өз еркіммен жұмыстан шықтым.

    26.04.2018 жылы «Ақ жол құрылыс» ЖШС мекемесіне техник геодезист болып жұмысқа тұрдым. Осы ұйымнан 18.01.2019 жылы өз еркіммен жұмыстан шықтым.

    21.01.2019 жылы «Мұнайлы аудандық сәулет және қала құрлысы бөлімі» ММ-не статист маманы болып жұмысқа тұрдым. 26.04.2021 жылы аталған мекеме «Мұнайлы аудандық құрылыс бөлімі» ММ-мен бірігуі нәтижесінде жұмыстан шықтым.

    27.04.2021 жылы «Мұнайлы ауданы құрылыс, сәулет және қала құрылыс бөлімі» ММ-не статист лауазымына жұмысқа орналастым. 11.10.2021 жылы осы мекемеден өз еркіммен жұмыстан шықтым.

    12.10.2021 жылы «Кендірлі ауылы әкімінің аппараты» ММ-не статист лауазымына жұмысқа кірдім. 27.05.2022 жылы осы мекемеден өз еркіммен жұмыстан шықтым.

    27.05.2022 жылы «Кендірлі ауылы әкімінің аппараты» ММ-не бас маманы міндеттерін уақытша атқарушы болып жұмысқа кірдім. 20.07.2022 жылы арнайы тексерудің нәтижесін алған кейін осы мекемеде бас маман лауазымына бекітілдім. 25.08.2023 жылы осы мекемден басқа лауазымға ауысуыма байланысты жұмыстан шықтым.

    25.08.2023 жылы «Кендірлі ауылы әкімінің аппараты» ММ-не ауыл әкімінің орынбасары лауазымына тағайындалдым.