
Саданов Арман Амангелдіұлы
ҚР ІІМ Профилактикалық жұмысты үйлестіру комитетінің төрағасы
Өмірбаян
Арнайы атағы – полиция генерал-майоры
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін, 2006 жылы – Қазақ гуманитарлық заң университетінің Алматы заң академиясын, 2014 жылы – Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық мемлекеттік университетін тәмамдаған
I дәрежелі (2020) және II дәрежелі (2011) «Айбын» ордендерімен марапатталған
1996 жылы ҚР Ғылым министрлігі Ғылым академиясының Микробиология және вирусология институтінде жұмыс істеді.
1996-2017 жылдары Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетінде қызмет атқарды.
2017-2019 жылдары – ҚР Ішкі істер министрлігі Көші-қон қызметі комитеті төрағасының орынбасары.
2019-2025 жылдары – ҚР Ішкі істер министрлігі Өзіндік қауіпсіздік департаментінің бастығы.
2025 жылдың қараша айынан бастап – Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Профилактикалық жұмысты үйлестіру комитетінің төрағасы.
