
Сырттанбеков Ақжол Мағзұмұлы
Басқарма басшысының орынбасары
Өмірбаян
1 қазан 1992 жылы дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін «Туризм» мамандығы бойынша, сондай-ақ Қарағанды Казпотребсоюз университетін «Экономика» мамандығы бойынша тәмамдаған.
Еңбек қызметін 2017 жылы Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Туризм индустриясы департаментінде сарапшы болып бастаған. Кейін Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитетінде сарапшы, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінде бас сарапшы, «Talap» КЕАҚ корпоративтік хатшысы қызметтерін атқарған. 2023 жылдан бастап «Kazakh Tourism» ұлттық компаниясы» АҚ-да еңбек еткен.
2026 жылғы ақпан айынан бастап Жетісу облысының Туризм басқармасы басшысының орынбасары болып тағайындалды.

