Кыдыралиев Ернур Аскарович

    заместитель председателя

    Кыдыралиев Ернур Аскарович
    Заместитель Председателя

    Кыдыралиев Ернур Аскарович

    заместитель председателя

    Өмірбаян

    Қыдыралиев Ернұр Асқарұлы, 1986 жылы 12 қыркүйекте Жамбыл облысы Тараз қаласында дүниеге келді. 2007 жылы «Әулие-Ата» университетін «ақпараттық жүйелер» мамандығы бойынша, 2012 жылы Жамбыл гуманитарлық-техникалық университетін «құқықтану» мамандығы бойынша, 2020 жылы М.Х. Дулати атындағы Тараз университетінің магистратурасын «қаржы» мамандығы бойынша бітірген.

    Еңбек жолын 2007 жылы бастаған:

    2007 - 2010 жж. - «Лесозащита» ЖШС «ҚТЖ «ҰК» АҚ бағдарламашысы, заң бөлімінің бас маманы;

    2010 - 2012 жж. - «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ жетекші менеджері;

    2012 - 2015 жж. - «Capital-Astana.KZ» ЖШС-де заң бөлімінің бас маманы, заң мәселелері жөніндегі директордың орынбасары;

    2015 - 2021 жж. - Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрілігі Мемлекеттік материалдық резервтер комитетінің «Резерв» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының «Автоматика» филиалы директорының орынбасары;

    2021 - 2025 жж. - Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрілігінің Мемлекеттік материалдық резервтер комитеті Мемлекеттік резервті есепке алу және бақылау басқармасының бас сарапшысы;

    2025 - 2026 жж. - Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрілігінің Мемлекеттік материалдық резервтер комитеті Мемлекеттік резервті есепке алу, бақылау және шығару басқармасының басшысы;

    2026 ж. 29.01. бастап - қазіргі уақытқа дейін - Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрілігінің Мемлекеттік материалдық резервтер комитеті төрағасының орынбасары.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері