Ережепов Еркебұлан Мұратбекұлы

    Шымкент қаласы Полиция департаменті бастығының орынбасары

    Ережепов Еркебұлан Мұратбекұлы
    Заместитель начальника

    Ережепов Еркебұлан Мұратбекұлы

    Шымкент қаласы Полиция департаменті бастығының орынбасары

    Өмірбаян

    Арнайы атағы – полиция полковнигі.

    Қазақстан Республикасы ІІМ Академиясы заң институтының тыңдаушысы. Қазақстан Республикасы ІІМ Қарағанды академиясының жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру институтын бітірген.

    2002 жылы Жамбыл облысы ІІД Меркі ауданы ІІБ әкімшілік полиция бөлімшесінің кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі тобының учаскелік полиция инспекторы.

    2002 жылдың қыркүйек айынан – Жамбыл облысы Меркі ауданы ІІБ анықтау бөлімшесінің анықтаушысы.

    2004-2006 жылдары – Жамбыл облысы ІІД Шу ауданы Шу қалалық полиция бөлімі тергеу бөлімшесінің маман-тергеушісі.

    2007-2008 жылдары – Жамбыл облысы ІІД Шу ауданы ІІБ тергеу бөлімшесінің бастығы (штаттық өзгерістерге байланысты).

    2008-2009 жылдары – Жамбыл облысы ІІД тергеу басқармасының меншікке қарсы қылмыстарды тергеу бөлімшесінің аса маңызды істер жөніндегі аға тергеушісі.

    2009-2011 жылдары – Жамбыл облысы ІІД тергеу басқармасының аса қауіпті және адамға қарсы қылмыстарды тергеу бөлімінің бастығы.

    2009-2011 жылдары – Оңтүстік Қазақстан облысы ІІД Әл-Фараби аудандық ІІБ жедел-криминалдық полиция бөлімінің адамға қарсы қылмыстарды ашу жөніндегі жедел уәкілі.

    2012-2013 жылдары – ҚР ІІМ Тергеу комитетінің экстремизмге және есірткі құралдарының заңсыз айналымына байланысты қылмыстарды тергеу басқармасының аса маңызды істер жөніндегі аға тергеушісі.

    2013-2017 жылдары – ҚР ІІМ Тергеу комитетінің аса қауіпті қылмыстарды тергеу басқармасы бастығының орынбасары.

    2017-2019 жылдары – Павлодар облысы ІІД тергеу басқармасы бастығының орынбасары.

    2019-2021 жылдары – ҚР ІІМ Тергеу департаменті тергеу басқармасының аға тергеушісі.

    2021-2022 жылдары – ҚР ІІМ Тергеу департаменті тергеу басқармасы бастығының орынбасары.

    2026 жылдан бастап – ҚР ІІМ Шымкент қаласы полиция департаменті бастығының орынбасары.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері