
Басқарма басшысының орынбасары
Атенов Жасұлан Бекболатұлы
Басқарма басшысының орынбасары
Өмірбаян
Атенов Жасұлан Бекболатұлы 1983 жылдың 20 қазан күні Жамбыл облысы Жаңатас қаласында дүниеге келген. 2005 жылы Тараз мемлекеттік педагогикалық институтын «Тарих және география» мамандығы бойынша, 2014 жылы М.Х.Дулати атындағы Тараз Мемлекеттік университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.
Жасұлан Бекболатұлы еңбек жолын 2000 жылы Сарысу ауданы, М.Әуезов орта мектебінде тарих және география пәнінің мұғалімі қызметінен бастаған.
2008-2009 жылдары Жамбыл облыстық педагог кадрлардың білімін жетілдіру және қайта даярлау институтында тарих және география пәндерінің әдіскері;
2010-2019 жылдары Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасында, Жамбыл облысының балалардың құқықтарын қорғау департаментінде, Жамбыл облысының білім саласындағы бақылау департаментінде бас маман, бөлім басшысы;
2020-2023 жылдары Жамбыл облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті басшысының орынбасары лауазымын атқарған.
2024 жылдан бастап 2025 жылдың 26 тамызына дейін Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының дарынды балаларға арналған мамандандырылған лицейінің директоры қызметін атқарған.


