
Өмірбаян
2002 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін „Халықаралық құқық“ мамандығы бойынша, 2008 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін „Қаржы“ мамандығы бойынша бітірген.
2002–2005 жылдары – «Әмбебап» ЖШС-нің сыртқы экономикалық байланыстар жөніндегі менеджері.
2005 жылы – Алматы қаласы Кәсіпкерлік және өнеркәсіп департаментінің сыртқы экономикалық және мәдени байланыстар бөлімінің бас маманының міндетін атқарушы.
2005–2008 жылдары – Алматы қаласы Кәсіпкерлік және өнеркәсіп департаментінің сыртқы экономикалық және мәдени байланыстар бөлімінің бас маманы.
2008 жылы – Алматы қаласы Әділет департаментінің түсіндіру жұмыстары және халыққа заңгерлік қызмет көрсету бөлімінің бас маманы.
2008–2009 жылдары – Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі аппаратының кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімінің басшысы.
2009–2010 жылдары – Алматы қаласы Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының сауда бөлімінің басшысы.
2010 жылы – Алматы қаласы Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының индустриялық-инновациялық даму бөлімінің басшысы.
2010–2012 жылдары – Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімі аппаратының кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімінің басшысы.
2012 жылы – Алматы қаласы Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының шағын бизнес бөлімінің басшысы.
2015–2016 жылдары – Алматы қаласы Жетісу ауданы әкімінің орынбасарының міндетін атқарушы.
2016–2025 жылдары – Алматы қаласы Жетісу ауданы әкімінің орынбасары.
2025 жылы – Алматы қаласы Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы басшысының орынбасары.
2025–2026 жылдары – Алматы қаласы әкімі аппараты басшысының орынбасары.
«Ерен еңбегі үшін» мемлекеттік наградасымен марапатталған.
2026 жылдың 2 ақпанынан бастап Алматы қаласы Түрксіб ауданының әкімі лауазымына тағайындалды.



