
Токпаков Арман Кендебайұлы
Заместитель руководителя управления
Өмірбаян
Тоқпақов Арман Кендебайұлы 1989 жылғы 10 қарашада Шығыс Қазақстан облысы, Катонқарағай ауданы, Катонқарағай ауылында дүниеге келген.
2008 жылы Қазақ қатынас жолдары университеті жанындағы Техникалық-экономикалық колледжді «Салық ісі» мамандығы бойынша тәмамдаған.
2012 жылы Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетін «Қаржы» мамандығы бойынша бітірген.
2022 жылы Alikhan Bokeikhan University оқу орнын «Құқықтану» мамандығы бойынша аяқтаған.
2008–2013 жылдар аралығында Семей қаласы, Глубокое ауданы және Өскемен қаласының салық қызметі органдарында жұмыс істеген.
2014 жылғы қаңтардан 2018 жылғы наурызға дейін Курчатов қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімін басқарған.
2018 жылғы наурыздан 2019 жылғы шілдеге дейін Курчатов қаласының экономика және қаржы бөлімінің басшысы қызметін атқарған.
2019 жылғы тамыздан 2021 жылғы мамырға дейін Курчатов қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімін басқарған.
2021 жылғы шілдеден 2023 жылғы наурызға дейін «Коммуналдық көпсалалы пайдалану кәсіпорны» МКК (жылумен жабдықтау) директоры қызметін атқарған.
2023 жылғы наурыздан 2025 жылғы 1 желтоқсанға дейін Семей қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысының орынбасары болған.
2025 жылғы 2 желтоқсаннан бастап қазіргі уақытқа дейін Абай облысының «Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» ММ басшысының орынбасары қызметін атқарады.

