
Қызметкерлер
Рахимов Жұмағали Жарихманұлы
Құрметті азаматы
Өмірбаян
Жұмағали Жарихманұлы еңбек жолын 1974 жылы «Красное знамя» колхозында бастаған. 1997 жылы Белағаш ауылдық округі, Зенковка ауылындағы «Надежда» шаруа қожалығының басшысы болып тағайындалған және осы күнге дейін сол қызметті атқаруда. 2022 жылдан бастап Бородулиха аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы болып табылады.
Жұмағали Жарихманұлы – белсенді азаматтық ұстанымы бар тұлға. Ауданның қоғамдық өміріне белсенді қатысады, қарттарға, көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға мүмкіндігінше көмек көрсетеді.





