
Құрамысов Абайхан Нұрмұхамедұлы
Құрметті азаматы
Өмірбаян
Абайхан Нұрмұхамедович еңбек жолын 1974 жылы «Қызыл ту» колхозында бастаған. 1996 жылы «Достық» шаруа қожалығының басшысы болып тағайындалды. Шаруа қожалығының басшысы ретінде қызмет атқарған кезеңінде өзін ауыл шаруашылығы өндірісінің білікті маманы ретінде көрсетті.
Бородулиха аудандық мәслихатының II, IV, V және VI шақырылымдарының депутаты болды, агроөнеркәсіптік кешен, экология, қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды тиімді пайдалану мәселелері бойынша тұрақты комиссия мүшесі ретінде қызмет атқарды.
Абайхан Нұрмұхамедович халық мәселелерінен ешқашан қалыс қалмайды, өте әдебі мен сабырлылығы, парасаттылығы және мейірімділігімен ерекшеленеді, ауыл тұрғындары арасында лайықты құрмет пен беделге ие.
Ауыл шаруашылық құрылымының басшысы ретінде кейбір әлеуметтік міндеттемелерді өз мойнына алады: аудандық маңыздағы көшелер мен жолдарды қардан тазалау, елді мекен ішіндегі жолдарды жазғы уақытта күтіп ұстау, су құбыр желілерін жөндеуге, су тасқынына қарсы іс-шараларды ұйымдастыруға техника бөлуді қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, аудан көлемінде мәдени-бұқаралық, спорттық және басқа да іс-шараларды өткізуде тұрақты демеуші болып келеді.





