Кириченко Григорий Николаевич

    Құрметті азаматы

    Кириченко Григорий Николаевич
    Қызметкерлер

    Кириченко Григорий Николаевич

    Құрметті азаматы

    Өмірбаян

    Григорий Николаевич еңбек жолын 1971 жылы Семей облыстық мемлекеттік ауыл шаруашылығы тәжірибе станциясында ғылыми қызметкер, бас зоотехник болып бастаған. 1979–1992 жылдары «Память Ленина» колхозының төрағасы қызметін атқарды. 1992–2012 жылдары Бородулиха орманшылығының орман және аңшылық инспекторы болды.

    Зейнетке шыққаннан кейін де Дмитриевка ауылдық округі мен ауданның қоғамдық өміріне белсенді қатысады. 2011 жылдан бастап Дмитриевка ауылдық округінің Қоғамдық кеңесінің төрағасы болып сайланған, сондай-ақ Дмитриевка ауылының медиаторы ретінде қызмет атқарады. 2016 жылы ауыл сходында жергілікті қауымдастық төрағасы болып сайланған, себебі ол әрқашан өз ауылы мен округ тұрғындарының мәселелеріне қамқорлық танытады.

    Халық арасында құрметке және беделге ие. Григорий Николаевич өз жасына қарамастан, белсенді және салауатты өмір салтын ұстанып, Дмитриевка ауылдық округі мен Бородулиха ауданында өткізілетін барлық шараларға қатысады.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері