
Қызметкерлер
Қасымов Талап Байғалиұлы
Құрметті азаматы
Өмірбаян
Талап Байғалиевич еңбек жолын 1980 жылы Семей облыстық нан өнімдері өндірістік басқармасында аға инженер болып бастады. 2005–2008 жылдары «Песчанка» ЖШС-нің бас директоры қызметін атқарды.
Еңбек жолының бүкіл кезеңінде ауыл шаруашылығы өндірісін терең меңгере отырып, осы саланы дамытуға елеулі үлес қосты. 2008–2011 жылдары Бородулиха ауданының әкімі қызметін атқарды.
Еңбек адамдарына деген құрметі, отансүйгіштігі, маңызды мәселелер бойынша жеке көзқарасы, кең дүниетанымы мен саяси сауаттылығы, жоғары еңбекқорлығы және мемлекеттік маңызы бар міндеттерді орындауға әрдайым дайын болуы Бородулиха ауданы тұрғындарының терең құрметіне ие етті.





