
Өмірбаян
Туған күні - 1974 жылғы 27 қаңтар
Туған жері -Алматы облысы Сарқан ауданы Аманбөктер ауылы.
Ұлты -қазақ.
Білімі -жоғары.
Оқу орнын бітірген жылы және атауы – 2007 жыл - Қазақ ұлттық аграрлық университеті
Мамандығы бойынша біліктілігі – ветеринарлық медицина
Мемлекеттік наградалары, құрметті атақтары -жоқ.
1990 жылы 1 қыркүйекте еңбек жолын Талдықорған облысы, Сарқан ауданы, Аманбөктер ауылында орналасқан «Аманбөктер» арнайы шаруашылық бірлестігінің №1 бөлімшесінде малшы көмекшісі болып бастады. Бұл қызметті 1995 жылдың 20 ақпанына дейін атқарды.
1995 жылдың 20 ақпанынан 1998 жылдың 24 ақпанына дейін Талдықорған облысы, Сарқан ауданы, Аманбөктер ауылындағы «№1 Баянбай» өндірістік кооперативінде ветеринариялық техник болып жұмыс істеді.
2000 жылдың 3 қарашасынан 2004 жылдың 5 ақпанына дейін Алматы облысы, Сарқан ауданы, Аманбөктер ауылында орналасқан «Ветучасток» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде Аманбөктер ауылдық округі бойынша ветеринариялық дәрігер қызметін атқарды.
2004 жылдың 8 маусымынан 24 қарашасына дейін Алматы облысы, Сарқан ауданы бойынша Сарқан аудандық аумақтық басқармасының ветеринария бөлімінде жетекші маманның міндетін атқарушы болды.
2004 жылдың 24 қарашасынан 2006 жылдың 26 желтоқсанына дейін Сарқан аудандық аумақтық басқармасының ветеринария бөлімінде жетекші маман қызметін атқарды.
2006 жылдың 26 желтоқсанынан 2010 жылдың 17 мамырына дейін Сарқан аудандық аумақтық басқармасының Аманбөктер ауылдық округі бойынша жетекші маман – ветеринариялық инспекторы болып еңбек етті.
2010 жылдың 17 мамырынан 2014 жылдың 10 сәуіріне дейін Алматы облысы, Сарқан ауданы, Аманбөктер ауылдық округі әкімі аппаратында бас маман – ветеринариялық дәрігер қызметін атқарды.
2014 жылдың 10 сәуірінен 2025 жылдың 16 маусымына дейін «Аманбөктер ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде бас маман болып жұмыс істеді.
2025 жылдың 17 маусымынан бастап қазіргі уақытқа дейін Жетісу облысы, Сарқан ауданы, Аманбөктер ауылдық округінің әкімі қызметін атқарып келеді.