Лим Игорь Геннадьевич

    "Теміртау қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі"ММ

    Лим Игорь Геннадьевич
    Руководитель

    Лим Игорь Геннадьевич

    "Теміртау қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі"ММ

    Өмірбаян

    Лим Игорь Геннадьевич, 1983 жылғы 21 шілдеде туған, Қарағанды облысы Теміртау қаласында дүниеге келген. Қазақстан Республикасының азаматы. Жоғары білімі бар.
    2009 жылғы 1 шілдеде Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетіне «Дене шынықтыру және спорт» мамандығы бойынша (бакалавр) оқуға түсті.
    Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне Теміртау қаласының Қорғаныс істері жөніндегі басқармасы арқылы шақырылған (әскери қызмет өткермеген, әскери атағы — қатардағы жауынгер, құрамы — солдаттар).

    2012 жылғы 1 қыркүйектен 2013 жылғы 7 желтоқсанға дейін — Қарағанды облысы әкімдігінің «Қарағанды облысының туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасы» ММ қарасты КМҚК «Теміртау қаласының балалар-жасөспірімдер спорт мектебі» мекемесінде шинкиокушинкай каратэ бойынша жаттықтырушы-оқытушы (ұйымның қайта құрылуына байланысты).

    2013 жылғы 8 желтоқсаннан 2015 жылғы 8 қарашаға дейін — Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы ММ қарасты КМҚК «Теміртау қаласының БЖСМ» мекемесінде шинкиокушинкай каратэ бойынша жаттықтырушы-оқытушы (мәртебе берілуіне байланысты).

    2015 жылғы 9 қарашадан 2024 жылғы 23 мамырға дейін — Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы қарасты КМҚК «Теміртау қаласының мамандандырылған олимпиадалық резервтегі балалар-жасөспірімдер спорт мектебі» мекемесінде шинкиокушинкай каратэ бойынша жаттықтырушы-оқытушы (қайта ұйымдастырылуына байланысты).

    2024 жылғы 24 мамырдан 2025 жылғы 12 ақпанға дейін — Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы ММ қарасты КММ «Теміртау қаласының мамандандырылған олимпиадалық резервтегі балалар-жасөспірімдер спорт мектебі» мекемесінде шинкиокушинкай каратэ бойынша жаттықтырушы-оқытушы. Өз еркімен жұмыстан босатылды.

    2025 жылғы 13 ақпаннан 2025 жылғы 6 сәуірге дейін — арнайы тексеру нәтижелері алынғанға дейін Теміртау қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ дене шынықтыру және спорт секторының меңгерушісі міндетін атқарушы.

    2025 жылғы 7 сәуірден 2025 жылғы 25 маусымға дейін — Теміртау қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ дене шынықтыру және спорт секторының меңгерушісі.

    2025 жылғы 26 маусымнан 2025 жылғы 10 қыркүйекке дейін — қайта ұйымдастырылуына байланысты Теміртау қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ сектор меңгерушісі.

    2025 жылғы 11 қыркүйектен бастап қазіргі уақытқа дейін — Теміртау қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ басшысы.