Каржаубаев Ербакыт Жанбырбайулы

    Қарабұтақ ауылдық округінің әкімі

    Каржаубаев Ербакыт Жанбырбайулы
    Аким

    Каржаубаев Ербакыт Жанбырбайулы

    Қарабұтақ ауылдық округінің әкімі

    Өмірбаян

    ҚАРЖАУБАЕВ Ербақыт Жаңбырбайұлы 1984 жылғы 23 шілдеде Ақтөбе облысы, Әйтеке би ауданы, Қарабұтак ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары.

    2005 жылы Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін «Тарих, құқық және экономика негіздері» мамандығы бойынша, 2022 жылы С.Бәйішев атындағы университетті «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша бітірген.

    Еңбек жолын 2006 жылы Жарөткел негізгі мектебінде мұғалім болып бастаған.

    2008–2013 жылдары Ақтөбе қаласындағы №50 орта мектепте мұғалім болып қызмет атқарған. Кейін Елек негізгі орта мектебі директорының орынбасары, Әйтеке би ауданы Қыналы негізгі мектебінің директоры лауазымдарын атқарған.

    2013–2018 жылдары Қызылжұлдыз ауылдық округінің әкімі болып еңбек еткен.

    2018–2024 жылдары Әйтеке би ауданы әкімі аппаратының басшысы, аудан әкімінің орынбасары қызметтерін атқарған.

    2025 жылдың 22 тамызынан бастап бүгінгі күнге дейін аудандық «Целинник» мәдениет үйінің директоры болып қызмет атқарды.

    Аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2025 жылғы 21 желтоқсандағы шешімі негізінде 2025 жылғы 22 желтоқсаннан бастап Қарабұтак ауылдық округінің әкімі болып тіркелді.

    Отбасылы, 2 бала тәрбиелеп отыр.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері