
Әкімінің орынбасары
Кәріпбаев Нұртас Ғалымұлы
Ұлытау облысы әкімінің орынбасары
Өмірбаян
Туған күні: 20.11.1986
Туған жері: Қарағанды қ.
Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінде «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша білім алған.
«Болашақ» бағдарламасын Ұлыбританиядағы Шеффилд университетінде «Басқару және мемлекеттік саясат» мамандығы бойынша магистр дәрежесімен аяқтаған.
ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында «Бизнес және басқару» мамандығы бойынша білім алған.
Еңбек жолын Қарағанды облысының экономика басқармасында бас маман болып бастаған.
2011 – 2013 жылдары Қарағанды облысы әкімі аппаратының бас маманы.
Қарағанды облысының Денсаулық сақтау және Кәсіпкерлік басқармаларында басшылық қызметтер атқарған.
2022-2024 жылдары ҚР Туризм және спорт министрлігі Туризм индустриясы комитеті төрағасының орынбасары болды.
2024-2025 жылдары сол комитеттің төрағасы болып қызмет атқарды.
2025 жылдың 30 желтоқсанынан Ұлытау облысы әкімінің орынбасары қызметін атқаруда.




