
Руководитель
Латып Әліби Тұрсынғалиұлы
"Ақтөбе облысының балалардың құқықтарын қорғау басқармасы" КММ
Өмірбаян
1978 жылғы 4 ақпанда Ақтөбе облысы Қобда ауданының Акраб ауылында дүниеге келген. Білімі –жоғары:
1996–2001 жылдары Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе университетінің тарих факультетінде «Қазақстан тарихы» мамандығы тәмамдаған.
Еңбек жолын 2001 – 2003 ж.ж. Жиренкопа орта мектебінің тарих және география пәндерінің мұғалімі болып бастаған.
- 2003-2004ж.ж. Батыс Қазақстан гуманитарлық-құқық колледжінің тәрбие ісі жөніндегі директордың орынбасары болып жалғастырған.
- 2004-2005 ж.ж. Ақтөбе облысы ішкі саясат департаментінің жастар саясаты, қоғамдық бірлестіктермен және бұқаралық ақпарат құралдарымен байланыс, мәдени даму және әлеуметтік сала бөлімдерінде бас маман.
- 2005-2006 ж.ж. Облыстық мәдениет басқармасының халық шығармашылығы және кітапхана ісі бөлімі басшысының міндетін атқарушы.
- 2007 жылы Ақтөбе қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі бас маманы, Ақтөбе облысы ішкі саясат департаментінің саяси партиялар және діни бірлестіктермен жұмыс жөніндегі бөлімінің бас маманы. Ақтөбе облысы әкімінің аппараты, әкім орынбасарының бас маманы.
- 2007жылы Ақтөбе облысы балалардың құқықтарын қорғау департаментінің балалардың құқықтарын қорғау, мониторинг және ақпараттық-талдау қызметі бөлімінің бастығы.
- ж.ж. Ақтөбе гуманитарлық колледжінің тәрбие ісі жөніндегі директордың орынбасары.
- ж.ж. «Нұр Отан» партиясы Ақтөбе облыстық филиалының қоғамдық-саяси бөлімінің консультанты.
- 2010-1011 ж.ж. Ақтөбе қаласы ішкі саясат бөлімінің ұйымдастырушылық-құқықтық, жастар саясаты және қоғамдық бірлестіктермен жұмыс секторының меңгерушісі.
- 2014-2016ж.ж. №47 жекелеген пәндерді тереңдетіп оқытатын арнайы мектептің директоры.
- 2014-2016 ж.ж. №16 орта мектептің директоры.
- 2016-2017 ж.ж. Балалар шығармашылығы үйінің оқу-тәрбие ісі жөніндегі директордың орынбасары.
- 2017- жылы №16 ОМ-нің директоры.
- 2017 - 2024 ж.ж. №64 У.Құлымбетов ат.ОМ-нің директоры.
- 2024 - 2025 ж.ж. Ақтөбе қаласы білім бөлімінің басшысы.
- 2025жыл – қазірге уақытқа дейін — Ақтөбе облысының балалардың құқықтарын қорғау басқармасының басшысы.