Айдарбаева Тамара Толеугазиновна

    Үлкен Нарын ауылдық округі әкімінің орынбасары

    Айдарбаева Тамара Толеугазиновна
    Әкімінің орынбасары

    Айдарбаева Тамара Толеугазиновна

    Үлкен Нарын ауылдық округі әкімінің орынбасары

    Өмірбаян

    Айдарбаева Тамара Төлеуғазиновна, 1966 жылғы 1 қазанда Семей облысы, Үржар ауданы, Благодатное ауылында дүниеге келген. Ұлты – қазақ. Білімі: орта арнаулы және жоғары. 1987 жылы Алматы кинотехникумын техник-бағдарламашы мамандығы бойынша тәмамдаған. 2009 жылы С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-ды экономист мамандығы бойынша бітірген.

    Еңбек жолын 1988 жылы бастады.

    1997 жылғы 13 ақпаннан 2009 жылғы 1 қазанға дейін «Азамат» шаруа қожалығында бухгалтер-экспедитор болып жұмыс істеді.
    2010 жылғы 5 қаңтардан 2010 жылғы 16 сәуірге дейін – Катонқарағай ауданы, Үлкен Нарын ауылы, «Катонқарағай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ-де әлеуметтік көмек жөніндегі штаттан тыс маман қызметін атқарды.
    2010 жылғы 16 сәуірден 2010 жылғы 30 шілдеге дейін – Катонқарағай ауданы, Үлкен Нарын ауылы, Үлкен Нарын ауылдық округі әкімдігінде бас маманның міндетін атқарушы болды.
    2010 жылғы 30 шілдеден 2024 жылғы 18 қарашаға дейін – бас маман қызметін атқарды.

    2024 жылғы 19 қарашадан бастап қазіргі уақытқа дейін – Үлкен Нарын ауданы, Үлкен Нарын ауылдық округі әкімінің аппараты ММ әкімінің орынбасары қызметін атқарып келеді.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері