Рысдавлетов Мұрат Болатұлы

    Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің төрағасының орынбасары

    Рысдавлетов Мұрат Болатұлы
    Төрағаның орынбасары

    Рысдавлетов Мұрат Болатұлы

    Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің төрағасының орынбасары

    Өмірбаян

    1982 жылдың 30 қыркүйегінде Маңғыстау облысы Ақтау қаласында дүниеге келген. Ұлты – қазақ.

    Жоғары білімі:

    2004 ж. – Орталық Азия университеті;
    2007 ж. – Қазақ гуманитарлық-заң университеті;
    2015 ж. – М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті.

    Игерген мамандықтары: бухгалтерлік есеп және аудит, (құқықтану), құрылыс.

    2025 жылы «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған.

    Еңбек қызметін 2004 жылы Алматы қаласындағы «ТрансУниверсалПроект» ЖШС-інде бастап, онда техник және бас инженер болып жұмыс істеді.

    2004 жылдан бүгінгі күнге дейін Астана қаласында «ҚТЖ» ҰК» АҚ құрылымдарында еңбек етеді. Осы кезеңде жобалық-сметалық құжаттама, техникалық бақылау, жобалау-іздестіру жұмыстары және ірі инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру бағыттарында бас маман, бас инспектор, сарапшы, бөлім басшысы, сондай-ақ бас менеджер лауазымдарын атқарды.

    2024 жылы «Ірі жобаларды іске асыру дирекциясы» филиалының сметалық құжаттама мен жобалық шешімдерді әзірлеу және мониторинг жүргізу тобының басшысы қызметін атқарды.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері