
Машбек Жарылқасын Пазылбекұлы
Шымкент қаласы Қаратау ауданы әкімінің орынбасары
Өмірбаян
Жарылқасын Пазылбекұлы 1997 жылғы 1 қаңтарда дүниеге келген.
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін және «Тұран-Астана» университетін тәмамдаған.
Мамандықтары - менеджмент және басқару, құқықтану.
Еңбек жолын 2019 жылы Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Халықаралық ынтымақтастық департаментінде сарапшы қызметінен бастады.
2021 - 2023 жылдары Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің Индустриялық-инновациялық даму бөлімінде сарапшы қызметін атқарды.
2023 - 2024 жылдары Қазақстан Республикасы Үкіметі Аппаратының Нақты секторды және өңірлерді дамыту бөлімінде бас сарапшы болды.
2024 жылғы 8 қаңтардан бастап Шымкент қаласының Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының жобалық-сметалық құжаттарды әзірлеу және жол қозғалысын ұйымдастыру бөлімінің басшысы қызметін атқарды.
2024 жылғы 1 сәуір мен 2025 жылғы 24 қараша аралығында Шымкент қаласының Қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасы басшысының орынбасары қызметін атқарды.
2025 жылғы 24 қарашадан бастап қазіргі уақытқа дейін Шымкент қаласы Қаратау ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарып келеді.



