
Аданов Куанышбек Буланович
Қаланың әлеуметтік саласы және халықты әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша тұрақты комиссияның мүшесі
Өмірбаян
Аданов Қуанышбек Буланұлы 1979 жылғы 25 қазанда Қарағанды облысы Егіндібұлақ ауданындағы Комсомольск ауылында (қазіргі Қарқаралы ауданының Қарабұлақ ауылы) дүниеге келген.
1996 жылы Комсомольск орта мектебін тәмамдап, академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің дене шынықтыру және спорт факультетіне оқуға түсті. 2000 жылы университетті бітіріп, теория және әдістеме, сондай-ақ спорттық ойындар кафедрасына оқытушы болып бөлінді.
2000–2021 жылдар аралығында кураторлық қызмет атқарды.
2002–2019 жылдары дене шынықтыру және спорт факультетінің тәрбие ісі жөніндегі деканның орынбасары болды.
2019–2025 жылдары академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің дене шынықтыру және спорт факультетінің деканы қызметін атқарды.
2025 жылғы ақпан айынан бастап «BOLASHAQ» академиясының ректоры.
2004–2005 жылдары факультеттің кәсіби бюро төрағасы қызметін қоса атқарды.
2009 жылы академик Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ-дің «Жылдың үздік кураторы» конкурсының жеңімпазы атанды.
2002 жылдан бері республикалық және халықаралық ғылыми, ғылыми-тәжірибелік конференцияларға белсенді қатысып келеді.
2011–2013 жылдары білім гранты бойынша 6М010800 – Дене шынықтыру және спорт мамандығының магистратурасында оқыды.
2014 жылы 6D010200 – Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі мамандығы бойынша докторантураға қабылданды.
2017 жылы докторлық диссертациясын сәтті қорғап, PhD докторы ғылыми дәрежесін алды.
2000 жылдан бері 65-тен астам ғылыми және оқу-әдістемелік жұмыстың авторы, оның ішінде:
Scopus базасындағы 5 мақала;
БҒМ Білім және ғылым саласын бақылау комитеті ұсынған журналдардағы 9 мақала;
халықаралық конференцияларда жарияланған 40-тан астам ғылыми еңбек;
авторлық құқық объектісіне 2 куәлік;
2 монография, 1 әдістемелік нұсқаулық, 1 оқу құралы, 1 оқулық.
Марапаттары
Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасы (2017 ж.).
Қарағанды қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесі үшін қаланың Құрмет грамотасы.
С. Сәпиев атындағы сыйлық лауреаты (2017 ж.).
Ы. Алтынсарин атындағы республикалық сыйлықтың иегері (2018 ж.).
«Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атағы (2018 ж.).
ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің алғыс хаты (2019 ж.).
ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің Құрмет грамотасы (2024 ж.).
Отбасылық жағдайы
Үйленген, төрт баланың әкесі.
№ 14 сайлау округі бойынша депутат
Округтік сайлау комиссиясының орналасқан жері:
Язев көшесі, 13а ғимараты, «№16 жалпы білім беретін мектеп» КММ
Шекаралары:
Язев көшесі, 11-31 (тақ сандары), Құрылысшылар даңғылы, 16-22 (жұп сандары), Шахтерлер даңғылы, 1, 1/2, 2/2, 9, 11, 13, Университет көшесі, 25, 27;
Язев көшесі, 1-9 (тақ сандары), 10, Шахтерлер даңғылы, 3-7 (тақ сандары), Карбышев көшесі, 1-22, Университет көшесі, Университет көшесі тұрғын ауданы, Панель-центр шағын ауданы, Мұқанов көшесі, 1, 1б, 1/2, 1/3, 1/6, 1/9 блок-1, 1/9 блок-2, тұрғын массив 2, үйлер 2, 4, 4/1, 6, 6/2, 6/3, 8.
Сайлау учаскелері: 76, 77, 78, 79, 87.





