
Айымкулов Жарасхан Әділханұлы
"Қарасай ауданының № 1 мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебі" КММ Директоры
Өмірбаян
1985 жылдың 25 ақпанында Қызылорда облысы, Шиелі ауылында дүниеге келген.
Білімі жоғары. Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетін «Дене шынықтыру және спорт» мамандығы бойынша аяқтап, бакалавр дәрежесін алған.
Сондай-ақ, «Дене шынықтыру және спорт» мамандығы бойынша педагогика ғылымдарының магистрі дәрежесін қорғаған. Жоғары санатты жаттықтырушы-оқытушы, Қазақстан Республикасының спорт шеберлігіне кандидат.
2 2009–2011 жж. – «Астана» Қазақ кәсіби колледжінде оқытушы.
2011–2018 жж. – Алматы көлік және коммуникация кәсіби колледжінде дене шынықтыру пәнінің оқытушысы.
2018–2020 жж. – Абай атындағы ҚазҰПУ-дың докторантурасында білім алды.
10.12.2020–04.04.2025 жж. – Қарасай ауданының №1 БЖСМ-де оқу-тәрбие ісі жөніндегі директордың орынбасары.
04.04.2025 ж. – қазіргі уақытқа дейін – Қарасай ауданының №1 СДЮСШ директоры.




