Турсынов Дастан Нуртасович

    Әлеуметтік сала мәселелері жөніндегі орынбасары.

    Турсынов Дастан Нуртасович
    Заместитель акима

    Турсынов Дастан Нуртасович

    Әлеуметтік сала мәселелері жөніндегі орынбасары.

    Өмірбаян

    1988 жылы 10 мамырында Жезқазған қаласында дүниеге келді.

    2008 жылғы 1 сәуірден 2008 жылғы 1 қарашаға дейін – Қарағанды қаласының №1 Халыққа қызмет көрсету орталығының инспекторы.

    2010 жылғы 10 тамыздан 2011 жылғы 10 қыркүйекке дейін – Қарағанды облысы №2 Халыққа қызмет көрсету орталығының инспекторы.

    2012 жылғы 20 қаңтардан 2012 жылғы 3 қазанға дейін – Қарағанды облысының Білім басқармасы мемлекеттік мекемесінің Бюджетті орындау және мемлекеттік сатып алу бөлімінің бас маманы.

    2012 жылғы 12 желтоқсаннан 2013 жылғы 24 қазанға дейін – «Орталық Қазақстан кәсіпкерлер қауымдастығы» АҚ-ның заңгері.

    2014 жылғы 16 маусымнан 2014 жылғы 1 тамызға дейін – «Қазақстан кәсіпкерлер қауымдастығы» АҚ-ның заңгері.

    2014 жылғы 4 тамыздан 2015 жылғы 12 қарашаға дейін – Қарағанды қаласы әкімінің аппараты мемлекеттік мекемесінің Мемлекеттік-құқық бөлімінің бас маманы.

    2015 жылғы 12 қарашадан 2019 жылғы 6 ақпанға дейін – Қарағанды қаласы әкімінің аппараты мемлекеттік мекемесінің Мемлекеттік және салалық бағдарламаларды үйлестіру, ТЖ және Азаматтық қорғаныс мәселелері бөлімінің бас маманы.

    2019 жылғы 6 ақпаннан 2019 жылғы 11 сәуірге дейін – Қарағанды қаласы әкімінің аппараты мемлекеттік мекемесінің Мемлекеттік және салалық бағдарламаларды үйлестіру, ТЖ және Азаматтық қорғаныс мәселелері бөлімінің басшысы міндетін атқарушы.

    2019 жылғы 11 сәуірден 2020 жылғы 11 ақпанға дейін – Қарағанды қаласы әкімінің аппараты мемлекеттік мекемесінің Мемлекеттік және салалық бағдарламаларды үйлестіру, ТЖ және Азаматтық қорғаныс мәселелері бөлімінің басшысы.

    2020 жылғы 11 ақпаннан 2021 жылғы 31 желтоқсанға дейін – Қарағанды қаласы әкімінің аппараты мемлекеттік мекемесінің Мемлекеттік-құқық бөлімінің бас инспекторы.

    2022 жылғы 5 қаңтардан 2023 жылғы 16 маусымға дейін – Абай ауданы әкімінің аппараты мемлекеттік мекемесінің аппараты басшысы.

    2023 жылғы 14 шілдеден 2025 жылғы 13 қарашаға дейін – Қарағанды қаласының Қазыбек би ауданы әкімінің аппараты мемлекеттік мекемесінің аппараты басшысы.

    2025 жылғы 14 қарашадан қазіргі уақытқа дейін – Қарағанды қаласының Әлихан Бөкейхан ауданы әкімінің аппараты мемлекеттік мекемесінің әлеуметтік сала мәселелері жөніндегі орынбасары.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері