
Мұқатай Нұргул Тұрлыбайқызы
"Мұнайлы ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік-құқықтық бөлім басшысы
Өмірбаян
Жалпы ақпарат, білім
Мұқатай Нұргүл Тұрлыбайқызы 07.06.1967 жылы Атырау облысында туған.
1974-1984 жылдары Гурьев облысы Қызылқоға ауданы Миялы селосындағы №20 орта мектепті бітірген.
1988 жылы Гурьев педагогикалық институтының - қазақ тілі мен әдебиеті және 2008 жылы Қазақстан Республикасы Қаржы полициясы агенттігінің жанындағы Қаржы полициясы академиясының «юриспруденция» факультеттерін бітірген.
Еңбек жолын 1988 жылы Атырау облысы Сағыз станциясындағы №74 мектепте мұғалім болып бастады.
1988-2001 жылдары Құлсары қаласындағы №18 мектепте қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі болды.
2001-2013 жылдары аралығында ҚР Қаржы полициясы органдарында инспектор, аға инспектор, аса маңызды істер жөніндегі аға инспектор лауазымдарында қызмет атқарды.
2013 жылдан ҚР Қаржы полициясы органдарында азаматтық мемлекеттік қызметші - консультант лауазымында болды.
2016-2019 жылдары ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаменінде бас маман, басқарма басшысы лауазымдарын атқарды.
2019 - 2025 жылдары ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаменінде бас маман лауазымында қызмет етті.
2025 жылдың қараша айынан-қазіргі уақытқа дейін "Мұнайлы ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік-құқықтық бөлімінің басшысы.





