
Орынбеков Талғат Орынбекұлы
Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғауды бақылау бөлімінің басшысы-мемлекеттік еңбек инспекторы
Өмірбаян
1984 жылы 05 қаңтарда туған
2007 жылы - Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университеті, тау - кен инженері.
2010 жыл - C.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті, құқықтану.
2015 жылы - Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университеті, техника ғылымдарының магистрі.
2017 жылы - Қазақстан-Америқандық еркін университеті, экономика.
2006-2008 жылдар аралығы «Востокшахтосрой» АҚ жерасты қазба үңгушісі.
2008-2009 жылдар аралығы «Корпорация Қазахмыс» ЖШС жерасты тау-кен мастеры м.а., Белаусовка тау-кен байыту комбинаты.
2009-2009 «Промстрой» ЖШС жылдар аралығы кірпіш жасау уческісінде тау-кен мастері.
2009-2010 жылдар аралығы «Корпорация Қазахмыс» ЖШС Белоусовка тау-кен байыту комбинаты жерсаты тау-кен мастері.
2010-2010 жылдар аралығы «Корпорация Қазахмыс» ЖШС Белоусовка тау-кен байыту комбинаты жерасты тау-кен уческесі бастығының орынбасары.
2012 жыл Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Бақылау және әлеуметтік қорғау комитетінің ШҚО бойынша бақылау және әлеуметтік қорғау Департаменті, ұйымдастыру, бақылау және кадрлармен қамтамасыз ету бөлімінің заңгері.
2012-2013 жылдар аралығы Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Бақылау және әлеуметтік қорғау комитетінің ШҚО бойынша бақылау және әлеуметтік қорғау Департаменті, еңбек қатынастарын бақылау бөлімінің бас маманы - мемлекеттік еңбек инспекторы.
2013-2016 жылдар аралығы Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасы, тау-кен металлургия саласындағы еңбек заңнамасын бақылау бөлімінің бас маманы - мемлекеттік еңбек инспекторы.
2016 жылғы 29 қарашадан - Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасы, тау-кен металлургия саласындағы еңбек заңнамасын бақылау бөлімінің басшысы - мемлекеттік еңбек инспекторы.