
Қызметкерлер
Айтпаева Сәуле Мұханбедианқызы
ҚР-ның Бала құқықтары жөніндегі экс-уәкілі (06.2018-07.2019)
Өмірбаян
Айтпаева Сәуле Мұханбедианқызы
22.05.1960
Р. Руденко атындағы Свердлов заң институты (1979-1983)
Мамандығы: «Құқықтану» мамандығы бойынша заңгер»
- Торғай облысы Жақсы аудандық прокуратурасының кеңсе меңгерушісі (1977);
- Торғай облысы Жақсы аудандық комсомол комитетінің машинисткасы (1978);
- Целиноград облыстық прокуратурасының Ленин ауданы прокуратурасының тағылымдамашысы (1983)
- Целиноград қаласы Ленин ауданы прокуратурасының тергеушісі (1984);
- Ақмола облысы прокуратурасының Ішкі істер органдарындағы тергеу мен анықтауды қадағалау бөлімінің прокуроры (1985-1988);
- Ақмола облысы прокуратурасының кадрлар жөніндегі прокурорының көмекшісі (1988-1992);
- Ақмола облысы прокуратурасының ұйымдастыру-талдау бөлімінің прокуроры (1992-1996);
- Тың көлігі прокуратурасының ұйымдастыру-инспекторлық жұмысы жөніндегі аға көмекшісі (1996);
- ҚР БП-ның жанындағы ҚСжАО-ның Бастапқы есепке алу құжаттарын, есептілік нысандарын және әдіснамасын әзірлеу және енгізу бөлімінің бастығы (1997);
- ҚСжАО(Д) бастығының орынбасары – Астана қаласындағы статистика басқармасының бастығы (1998);
- ҚСжАО(Д) бастығының орынбасары – Ленин ауданы және Ақмола облысы прокуратурасының ҚСжАО(Д) Статистиканы қалыптастыру басқармасының бастығы (1999-2001);
- Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқықтық статистика және ақпарат орталығы бастығының орынбасары (2001-2003);
- Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитеті төрағасының орынбасары (2003-12. 2005);
- Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитеті төрағасының бірінші орынбасары (12.2005-04.2012);
- Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің төрайымы (04.2012-01.2017)
- Қазақстан Республикасындағы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл (06.2018-07.2019)
Сайланбалы лауазымдар, депутаттық:
- Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты (07.2017 бастап), Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің мүшесі (04.09.2017-13.01.2022)





