
Садвоқасова Ляйла Мұратқызы
Бөлім басшысы
Өмірбаян
Садвоқасова Ляйла Мұратқызы 1987 жылы 17 ақпанда Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласында дүниеге келген. 2005-2009 жылдары Алматы қаласындағы «Орталық Азия университетінде» оқыды. Білімі жоғары.
2007 жылғы желтоқсаннан 2008 жылғы сәуірге дейін Солтүстік Қазақстан облысының «Афанасьев ауылдық округі әкімінің аппаратында» шарт бойынша маман-бухгалтер болып жұмыс істеді.
2008 жылдың мамырынан 2017 жылдың шілдесіне дейін Шал ақын ауданының орталық аудандық ауруханасы КМҚК бухгалтер болып жұмыс істеді.
2017 жылдың шілдесінен 2022 жылдың қыркүйегіне дейін Шал ақын ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы КММ маманы болып жұмыс істеді.
2022 жылдың қыркүйегінен 2023 жылдың маусымына дейін Шал ақын ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы КММ директоры болып жұмыс істеді.
2023 жылдың шілдесінен 2024 жылдың қазанына дейін «СҚО еңбек ұтқырлығы орталығы» КММ Шал ақын ауданының Мансап орталығы «СҚО әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» КММ филиалының директоры болып жұмыс істеді.
2024 жылдың қазан айынан бастап СҚО Шал ақын ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы.