
Қуанышева Динара Күшәліқызы
Басқарма басшысының орынбасары
Өмірбаян
Қуанышева Динара Күшәліқызы 1986 жылы туылған, 2008 жылы Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясын құрылыс мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2010 жылы Атырау облысы Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасында отын энергетика кешені және коммуналдық сала бөлімінің бас маманы қызметінен бастаған.
2010-2017 жылдары Атырау облысы Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының инженерлік-инфрақұрылымдарды дамыту бөлімінің бас маманы қызметін атқарып келді.
2017-2025 жылдары инженерлік инфрақұрылымдарды дамыту бөлімінің басшысы лауазымын атқарған.
2025 жылғы ақпан айынан бастап Атырау облысы Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары қызметін атқарып келеді.


