Қалдыбеков Азамат Бескемпірұлы

    Бостандық ауданының әкімі

    Қалдыбеков Азамат Бескемпірұлы
    Аким

    Қалдыбеков Азамат Бескемпірұлы

    Бостандық ауданының әкімі

    Өмірбаян

    Туған күні: 1984 жылдың 11 қазаны

    Ұлты: қазақ

    Оқу орнын бітірген атауы:

    Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін «Халықаралық құқық» мамандығы бойынша тәмамдаған.

    «Болашақ» бағдарламасы бойынша Солтүстік Каролина штаты (АҚШ) Дьюк университетінде құқық магистрі дәрежесін алған.

    Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінде философия докторы (PhD) ғылыми дәрежесін алған.

    Еңбек жолын 2007 жылы Алматы қаласы Бостандық аудандық №2 аудандық сотында жетекші маман лауазымынан бастаған.

    Әр жылдары Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің, «Самұрық-Қазына» АҚ және «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ құрылымдарында жұмыс істеген.

    2018 жылы Алматы қаласы әкімі аппаратының бас инспекторы қызметін атқарған.

    2018–2019 жылдары Алматы қаласы Жетісу ауданы әкімі аппаратының басшысы болған.

    2019–2020 жылдары Алматы қаласы Жер қатынастары басқармасы басшысының орынбасары және Жасыл экономика басқармасы басшысының орынбасары қызметтерін атқарған.

    2020–2024 жылдары Алматы қаласы Алатау ауданының әкімі болып жұмыс істеген.

    2024–2025 жылдары Алматы қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқарған.

    2025 жылдың 3 қарашасынан бастап Алматы қаласы Бостандық ауданының әкімі болып тағайындалды.

    2019 жылы Президенттік жастар кадр резервінің алғашқы құрамына енді.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері